Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

24.08.2021

Ағымдағы жылдың 20 тамыз күні Орал қалалық мәслихатының әлеуметтік мәселелер және жастар ісі жөніндегі тұрақты комиссиясының «Балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысының ұйымдастырылуы туралы» күн тәртібімен «Атамекен» жазғы демалыс сауықтыру лагеріне кезекті көшпелі отырысы  өтті. Отырысқа комиссия мүшелерінен басқа қалалық мәслихат хатшысы Е.Қалиев, қала әкімінің орынбасары Е.Галиев қатысып, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Орал қалалық білім беру бөлімінің басшысы А. Темірханованың, «Атамекен» лагерінің директоры А. Құрымбаевтың және Орал қаласының жергілікті полиция қызметі бөлімінің ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның мүшесі М.Куспанованың ақпараттары тыңдалды. Отырыс барысында көтерілген мәселелер қаперге алынып, алдағы уақытта комиссия мүшелері олардың шешу жолдарын қарастыру мақсатында жұмыстанатын болады.