Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

07.10.2021
Құрметті Шалқыма Хайроллақызы!

Орал қалалық мәслихатының VII шақырылым депутаттарының атынан және өз атымнан Сізді мерейлі жасыңызбен шын жүректен құттықтаймын!

Қала тұрғындары Сізді II, III, IV, V шақырылымның депутаты, қаламызға еңбегі сіңген жақсы қоғам қайраткері және еліміздің білім беру саласына толағай үлес қосқан, өресі биік,өрісі кең ұстаз әрі талантты педагог, білікті ұйымдастырушы ретінде біледі.Сіздің білім беру саласындағы табыстарыңыз, ғылыми атақтарыңызбен мемлекеттік наградаларыңыз осы қажырлы еңбегіңіздің дәлелі. Қаламыздың көркеюіне бағытталған Сіздің көп жылғы еңбегіңіз жоғары бағаланып, «Орал қаласының құрметті азаматы» атағымен марапатталдыңыз.

Сіз еңбексүйгіш, талап қоя білетін, алға қойылған міндеттерді табандылықпен шеше алатын, мейірімді, адал істеріңіз, жақсы қасиеттеріңіз үшін құрметке ие болдыңыз.

Сіз депутаттық жұмысыңызбен қатар қоғамдық жұмыстарды да қатар алып жүрдіңіз, бұған «Ажар» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, Батыс Қазақстан Ассамблеясы аналар Кеңесінің төрайымы ретінде атқарған еңбектеріңіз дәлел.

Құрметті, Шалқыма Хайроллақызы ел игілігіне бағытталған қарымды қызметте қанатыңыз талмасын, қажыр-қайратыңыз сарқылмасын дегіміз келеді. Және әрдайым елімізге елеулі, халқымызға қалаулы болыңыз. Алдағы алар асуларыңыз бен бағындырар биіктеріңіз көп болсын! Сондай-ақ, отбасыңызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, ырыс пен ынтымақ, баянды бақ тілейміз!

Орал қалалық мәслихатының

хатшысы Е.Қалиев