Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

12.10.2021
«Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға жалпы конкурс туралы хабарландыру

«Орал қалалық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі, 090000, Орал қаласы, Н.Назарбаев даңғылы 182/1 үй №306 кабинет, анықтама үшін телефон: 8(7112) 51-04-44, электрондық адресі: zko_ugm@mail.ru «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға жалпы конкурс жариялайды: Орал қалалық мәслихаты аппаратының бас маманы (16.08.2024 дейін негізгі қызметкердің бала күту демалыс мерзіміне) «E-4» санаты 1 бірлік, индексі (4-14-5). «E-4» санаты үшiн лауазымдық жалақысы қызмет өткерген жылдарына байланысты 195 549 (min) теңгеден 224 624 (max) теңгеге дейiн.

Функционалдық мiндеттерi: Нормативтік-құқықтық мәселелер және жұртшылықпен байланыс жөніндегі тұрақты комиссияның жұмысына жетекшілік етеді. Тұрақты комиссия төрағасымен бірге комиссия отырысының материалдарын дайындайды. Жетекшілік ететін комиссияның және құрылған жұмыс топтарының көшпелі отырыстарына қатысады. Жыл қорытындысы бойынша жетекшілік ететін комиссияның атқарған жұмысы туралы есеп дайындайды. Индустриалдық даму, инфрақұрылым және тұрғын үй-коммуналдық мәселелері жөніндегі комиссияға жетекшілік ететін мәслихаттың бас маманы еңбек демалысында немесе орны бос болса, оның міндеттерін уақытша атқарады. Мәслихаттың сессиялары мен тұрақты комиссияларының отырыстарын өткізу бойынша ұйымдастырушылық мәселелерді шешуге қатысады. Сессия шешімдерін, тұрақты комиссия отырыстарының және өзге де мәслихат қызметіне қатысты құжаттарды орыс тілінен қазақ тіліне, қазақ тілінен орыс тіліне аударып, түпнұсқаларының лексикалық, стилистикалық және мағыналық мазмұнына толық сәйкестігін қамтамасыз етеді. Орал қалалық мәслихатының баспасөз хатшысы қызметін атқарады. Қалалық мәслихаттың ресми сайтында жарияланатын ақпараттың уақытылы жаңартылуы мен толықтығына жауап береді. Қалалық мәслихаттың ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында орналастырылған ақпараттың уақытылы жаңартылуына және толықтығына жауап береді. Ономастикалық комиссиямен елдімекендердің, көшелердің атауларын өзгерту мәселелері бойынша қарым-қатынас жасайды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптары: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім: «білім беру», «құқық», «гуманитарлық ғылымдар», «әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес», «техникалық ғылымдар және технологиялар» мамандықтары бойынша. Мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес облыстарда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.

Жоғары немесе жоғарыдан кейінгі білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.

Мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, өздігінен даму, жеделділік, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару.

Құжаттарды қабылдау мерзімі - құжаттар жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 7 жұмыс күні ішінде ұсынылуы керек.

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 

  1. 1) Өтініш;

2) 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған "Б" корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтік тізімі;

3) білімі туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшірмелері;

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.

"Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген білімі туралы құжаттарға "Халықааралық бағдарламалар орталығы" Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің "Болашақ" халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.

Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын білімі туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған білімі туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі.

  1. Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) "Е-қызмет" интегралды ақпараттық жүйесі арқылы кандидаттың:

1) құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификаттың;

2) конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы қорытындының бар болуын тексереді.

  1. Осы Қағидалардың 76-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың көшірмелерін ұсынуға рұқсат етіледі.

Бұл ретте, персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) құжаттардың көшірмелерін түпнұсқалармен салыстырып тексереді.

  1. Жалпы конкурсқа қатысу үшін мемлекеттік қызметші және Заңның 27-бабы 8-тармағы бірінші бөлігінде көрсетілген адам келесі құжаттарды тапсырады:

1) Өтініш;

2) тиісті персоналды басқару қызметімен құжат тапсырғанға дейін бір айдан аспайтын уақытта расталған қызметтік тізім.

Әңгімелесу жүргізу уақыты мен орны: 

Конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесуге кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде конкурс жариялаған Орал қалалық мәслихат аппаратында өтеді. Әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Қосымша ақпарат:

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады. Шақырылған байқаушылар қажетті жағдайда қашықтықтағы видеобайланыс құралдары арқылы қатыса алады.

Қажетті жағдайда жалпы конкурсқа қатысатын кандидаттармен әңгімелесу қашықтықтағы видеобайланыс құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Тар шеңберде мамандырылған лауазымдарға конкурсты өткізген жағдайда конкурс комиссиясының отырысына сарапшылар шақырылады.

Тар шеңберде мамандырылған ретінде мемлекеттік орган қызметшілерінің 5 пайызынан аз қызметші ие болған мамандық болып табылады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға арналған конкурсты өткізу қағидаларының (Агенттігінің 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 бұйрығы) 54-тармағына сәйкес әңгімелесу және іріктеудің басқа тәсілдерін өткізу кезінде егер конкурс комиссиясы отырысының барысына кедергі келтірмеген жағдайда кандидат та техникалық жазба құралдарын қолдана алады.

Кандидаттың келісімі болған жағдайда онымен әңгімелесуді интернет-ресурстарда және әлеуметтік желілерде онлайн-трансляциялауға жол беріледі.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшесіне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағымдана алады.