Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

01.10.2021
Құрметті ұстаздар!

"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" - деп Абай атамыз бізге тамаша сөз қалдырған. Бұл өмірде әр түрлі маман иесі бар, әр түрлі адам иесі бар. Осы мамандықты тандап, өмірде өз орындарын табуға көмектесетін ұстаздар.

Ақ пен қараны, жақсы мен жаманды айыруға үйреттетін ұстаз. Сол себептен құрметті ұстаздар сіздерді осы кәсіби мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер – жастардың болашағын айқындайсыздар, бүгін еккен дәндеріңіз ертеңгі жемісті күннің кепілі. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады.Қоғам мен адамзат алдындағы өлшеусіз еңбегіңізді ескере отырып, Сізге өскелең ұрпақ тәрбиелеудегі өрелі жұмыстар және мемлекеттің гүлденуі жолындағы абыройлы істеріңізге толымды табыс тілеймін. Қызығы мен қиындығы қатар жүретін ұстаздық жолыңыз тек өрлеу мен өсуге бастасын.

Тәуелсіз қазақ елінің дамуына қосып келе жатқан еңбектеріңіздің жемісін көріңіз! Дарынды шәкірттеріңіз көбейе берсін. Шәкірттеріңіздің құрметі мен махаббатына бөленіп, шығармашылық ізденістер, ғылыми жаңалықтарыңыз арта берсін. Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, отбастарыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін!

Игі тілекпен,

Орал қалалық

мәслихатының хатшысы Е.Қалиев