Цвет сайта

A

a


Сіз қандай сайлау округіне қарайтыныңызды білу?

01.10.2021
Құрметті ардагерлер!

Сіздерді Орал қалалық мәслихат депутаттарының атынан «1 қазан – Халықаралық қарттар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Қазақ халқы ежелден қариясын құрметтеп, ардагерін ардақтаған ел. "Ауылыңда қарияң болса, жазулы тұрған хатпен тең" деген бабалар сөзі де бекер айтылмаса керек-ті. Біздің қарттарымыз – елдің алтын қазынасы, салт-санамыздың тұғыры, отансүйгіштіктің үлгісі.
Сіздер қалтқысыз қажыр-қайрат пен ақыл-парасаттарыңыздың арқасында еліміздің жан-жақты дамуына өлшеусіз үлес қостыңыздар.Бүгінде атқарылып жатқан ауқымды істерге қатысты келелі ақыл-кеңес қосып, тілекші болып отырасыздар. Үлкенге ізетпен қарап, қарттарын қамқорына алу – біздің әрқайсымыздың асыл парызымыз. Біз Сіздердің еңбектеріңіз бен ерліктеріңізді әрқашан мақтан тұтамыз. Қарттары бар ел - бақытты ел, байыпты ел. Қай кезде де, небір сын сағатта да халқына сүйеу, жұртына қамқор болатын қарттарымыз аман жүрсін, ұрпағының қуанышына бөленсін!

Құрметті ардагерлер, дендеріңізге саулық, отбасы-әулеттеріңізге амандық, Отанымызға бақ-береке тілеймін.

Игі тілекпен,

Орал қалалық

мәслихатының хатшысы Е.Қалиев